"Ата -ананың жүрек жылуы" атты психологиялық дөңгелек үстел

09.09.2026

 

«Ата-ананың жүрек жылуы» атты психологиялық дөңгелек үстел өтті

Мектебімізде ата-аналар мен бала арасындағы өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ата-ананың жүрек жылуы» атты психологиялық дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерді талқылап, балаға қолдау көрсету, оның сезімін түсіну, тыңдай білу және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Психологиялық жаттығулар мен түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы ата-аналар өзара пікір алмасып, балаға деген сүйіспеншілік пен мейірімділіктің оның тұлғалық дамуына тигізер әсерін түсінді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, отбасыдағы жылы қарым-қатынастың бала үшін ең үлкен рухани тірек екеніне тоқталды.

Ата-ананың мейірімі мен жүрек жылуы – баланың бақытты болашағының негізі! 

 

Просмотров: 55


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу