1 қыркүйек - Білім күні
03.09.2026
1 қыркүйек – Білім күні
Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды.
Салтанатты шара барысында оқушыларға білімнің маңызы, Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына үлес қосу туралы тағылымды ойлар айтылды.
Мектеп ұжымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, толағай жетістіктер, биік белестер және жарқын жеңістер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын! 📚🔔

Просмотров: 38